
АЗАМАТТАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА
Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдауға бағытталған қоғамдық қабылдау өтті. «Әділет» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан әкімінің орынбасары Расулбеков Есенғали Райсбекович азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар өздерін алаңдатқан бірқатар мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік қолдау көрсету, денсаулық сақтау, білім беру және діни мәселелер бойынша ұсыныстар мен өтініштер айтылды.
Әрбір азаматтың мәселесі жеке қаралып, қолданыстағы заңнама аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындарға тиісті мемлекеттік органдар мен жауапты мекемелердің құзыреті туралы ақпарат беріліп, көтерілген мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.
Қоғамдық қабылдау – халық пен мемлекеттік органдар арасындағы ашық байланысты нығайтудың маңызды тетіктерінің бірі. Мұндай кездесулер азаматтардың өз мәселесін тікелей жеткізіп, нақты жауап алуына мүмкіндік береді.
Кездесу барысында айтылған өтініштер назарға алынып, тиісті бағыттар бойынша жұмыстар жүргізу тапсырылды. Сонымен қатар тұрғындардың ұсыныстарын жүйелі түрде қарау және олардың шешілу барысын бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.