
Әл-Фараби ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен №49 «Жасұлан» балабақшасында Әкелер күніне орай мерекелік спорттық іс-шара ұйымдастырылды.
Сайыс барысында әкелер өз балаларымен бірге түрлі спорттық жарыстарға қатысып, ептілік пен ұйымшылдықтарын көрсетті. Отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар аудан әкімінің дипломдарымен марапатталып, арнайы сыйлықтар табысталды.