
Бүгін аудан әкім аппаратының жауапты мамандары бірлесе аудан аумағындағы бірқатар аулалардағы ашық спорт алаңшасы мен балалар ойын алаңшасының құрылыс барысымен танысты.
Аралау барысында мердігер мекемелерге абаттандыру бойынша уақытылы және сапалы аяқтау бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Аталған жоба “Халық қатысатын бюджет жобасы” аясында тұрғындардың өтініштері негізінде жүзеге асырылуда.