
АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨТІНІШТЕРІ НАЗАРДА
Бүгін сала мамандарымен бірлесе отырып, аудан тұрғындарының өтініштері мен шағымдарын зерделеу және шешу мақсатында арнайы аралау жұмыстары жүргізілді.
Нақты айтқанда, балалар ойын алаңшаларын салу, жол белгісі, бейнебақылау камерасы, ирригациялық арықтар орнату, ауланы абаттандыру мәселелері және өзге де өзекті мәселелер қарастырылып, нақты шешімдер қабылданды.
Сонымен қатар, аралау барысында ауданның жалпы санитарлық жағдайы назарға алынып, тазалықты күшейту бойынша қосымша тапсырмалар берілді.