
Қалалық қоғамдық кеңес мүшелері Әл-Фараби ауданының әкімімен кездесті
Қалалық қоғамдық кеңес мүшелерінен құралған жұмыс тобы Әл-Фараби ауданының 2026 жылдың ІІ жартыжылдығында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен және алдағы кезеңге жоспарланған жобалармен танысу мақсатында аудан әкімімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында аудан әкімі аудан аумағында жүзеге асырылған негізгі инфрақұрылымдық және әлеуметтік маңызы бар жобалар туралы баяндап, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстардың орындалу барысына тоқталды.
Сонымен қатар, қоғамдық кеңес мүшелеріне аудан көлемінде іске асырылып жатқан бірқатар жобалар таныстырылды. Атап айтқанда, көшелерді абаттандыру, жолдарды асфальттау, сыртқы жарықтандыру жүйелерін жаңғырту жұмыстарының барысы, сондай-ақ саябақтар, гүлзарлар мен балалар ойын алаңдарының қазіргі жағдайы көрсетілді.
Кездесу барысында қоғамдық кеңес мүшелері атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен тиімділігіне ерекше назар аударып, тұрғындар үшін қолайлы, қауіпсіз және жайлы орта қалыптастыруға бағытталған жобалардың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ауданның одан әрі дамуына қатысты ұсыныстары