ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ
Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты ұйымдастыруымен Арбат саябағында Қала күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты шараға аудан тұрғындары мен қала қонақтары қатысты.
Мерекелік жиында Әл-Фараби ауданының әкімі Маратбек Сәменбекұлы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына және қоғамдық өмірдің өркендеуіне үлес қосқан бірқатар азаматтарды марапаттап, оларға алғысын білдірді.
Іс-шара барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, өнерпаздар әсем ән мен күйден шашу шашты. Мерекелік кеш тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қала күні мерекесінің мән-маңызын арттыра түсті.
Қала күні – туған шаһардың жетістіктерін дәріптеп, тұрғындардың бірлігі мен ынтымағын нығайтатын ерекше мереке.