ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ОТБАСЫЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТТЫ ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ОТБАСЫЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТТЫ ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ОТБАСЫЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТТЫ ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиында «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының» 2025 жылы Әл-Фараби ауданында іске асырылу барысы және 2026 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.
Тұжырымдаманы аудан аумағында жүзеге асыру мақсатында төмендегі негізгі бағыттармен жұмыстар атқарылды:
• Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы қабылданған заңнамалық өзгерістер туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары;
• «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ»акциясы;
• Кәсіби емес медиаторлардың көмегімен аудандағы ажырасу көрсеткішін төмендету;
• Алимент төлеуден жалтарудың алдын алу бойынша ақпараттық түсіндіру;
• Қаржылық сауаттылықты дамыту;
• Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдау;
• Ана мен бала денсаулығын сақтау;
• «⁠Мерейлі отбасы-2025» байқауы;
• «⁠1 қазан - Халық аралық қарттар күні»⁠ мерекелік іс шара;
Кездесу барысында өмірлік қиын жағдайға тап болған бірнеше отбасының мәселелері тыңдалып, консультациялық-заңгерлік және салалық кеңестер берілді.