«ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ

«ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ

«ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ

2025 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аудан аумағында бірқатар абаттандыру жұмыстары жүзеге асырылды. Аталған жоба шеңберінде тұрғындардың ұсыныстары негізінде 38 балалар ойын алаңшасы мен 2 спорт алаңшасы орнатылып, көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен қоғамдық кеңістіктердің инфрақұрылымы жақсартылды.

Ал 2026 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 19 аулада кешенді абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Жоспарланған жұмыстар тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған. Қазіргі уақытта жобаларды іске асыру мақсатында тиісті мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.