АУЛАЛАРДЫ АБАТТАНДЫРУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСУДА

АУЛАЛАРДЫ АБАТТАНДЫРУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСУДА

АУЛАЛАРДЫ АБАТТАНДЫРУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСУДА

2026 жылдың басынан бері «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында қала тұрғындарынан аулаларды абаттандыру бойынша бірқатар ұсыныстар келіп түсті. Атап айтқанда, жобаға қатысуға тұрғындар тарапынан барлығы 58 мекенжай бойынша өтінім тіркелді. Түскен ұсыныстардың ішінде 5 аулаға ашық спорт алаңшаларын орнату және 53 аулаға балалар ойын алаңшаларын салу жөнінде ұсыныстар берілген.
«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында өтінімдерді қабылдау 2026 жылдың 1 наурызына дейін жалғасады. Осыған байланысты қала тұрғындары өз ұсыныстарын белгіленген мерзімге дейін ұсынуға мүмкіндік алады.
Жобаға қатысты қосымша ақпарат алу және туындаған сұрақтар бойынша инфрақұрылым және абаттандыру бөлімінің бас инспекторы Сарсенов Нұрсейтке 8-747-666-04-54, 53-01-31 байланыс телефон нөмірлері арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.