
ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ НЫСАНДАРҒА ТІЛДІК МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Бүгін Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты мен қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының мамандары бірлесіп, Түркістан көшесі бойындағы бірқатар коммерциялық нысандарға тілдік талаптардың сақталуына байланысты мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңына сәйкес маңдайша жазулар мен жарнамаларда орфографиялық және стилистикалық талаптардың орындалуын қадағалау.
Мониторинг барысында кейбір нысандарда жазу қателері, мемлекеттік тіл нормаларына сәйкес келмейтін атаулар мен аудармалар анықталды. Кәсіп иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.
Құрметті кәсіпкерлер!
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңына сәйкес барлық жарнамалық материалдар мен көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде сауатты және талапқа сай рәсімделуі тиіс. Бұл — заң талабы ғана емес, ана тіліміздің абыройын арттыруға қосқан үлес.
Тіл тазалығын сақтау — баршамыздың ортақ міндетіміз!