
ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратында мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шара барысында Әдеп кодексін сақтау, қызметтік міндеттер және жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік мәселелері түсіндірілді. Кездесудің негізгі мақсаты — мемлекеттік қызметтегі ашықтық пен адалдықты нығайту. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша талаптарды қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.