
АУДАН АУМАҒЫНДА ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Аудан тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстары негізінде сала мамандарымен бірлесе бірқатар аумақтарда зерделеу жұмыстары жүргізілді. Негізгі мақсат – тұрғындарды толғандырған мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын айқындау.
Зерделеу барысында Қалдаяқов, Адырбеков, Түркістан, Жібек жолы, Мәметова көшелері, сондай-ақ 17, Теріскей, Күншығыс, Сәуле шағынаудандары мен Қошқар ата өзені аумағы қамтылды. Тұрғындармен кездесіп, ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Көтерілген мәселелер назарға алынып, қабылданған шешімдердің орындалуы бақылауда болады.