
КЕЗЕКТІ ТҮНГІ РЕЙД
Шымкент қаласы 5 аудан әкімдіктерінің, аудандық полиция басқармасы, жастар орталығы қызметкерлері бірлесіп, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және түнгі уақытта заңсыз жүргіншіліктің алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара өткізді.
Рейд барысында ойын-сауық орындарында заңды өкілінсіз жүрген жасөспірімдер анықталып, олардың ата-аналарына қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Шараның негізгі мақсаты — жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.