ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫС-ПІКІРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ АУДАН АУМАҒЫНА ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫС-ПІКІРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ АУДАН АУМАҒЫНА ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫС-ПІКІРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ АУДАН АУМАҒЫНА ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Аудан тұрғындарының өтініштері мен шағымдары негізінде сала мамандарымен бірлесе бірқатар аумақтарда көшпелі зерделеу жұмыстарын ұйымдастырдық. Негізгі мақсатымыз – тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіне әсер ететін өзекті мәселелерді анықтау және оларды жүйелі түрде шешуге бағытталған іс-шаралар әзірлеу. Зерделеу жұмыстарына Әлімбетов, Түркістан, Қазтөбе, Желтоқсан, көшелері, Қонаев даңғылы және Күншығыс шағынауданы кірді. Алдымен тұрғындармен кездесулер өткізіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдадым. Әрбір көтерілген мәселе мен ұсыныс мұқият талданып, қабылданған шешімдердің орындалуы қатаң бақылауымда болады.