
ТҮНГІ УАҚЫТТА ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Әл-Фараби ауданы аумағында осы түні қар тазалау және көктайғақтың алдын алу жұмыстары атқарылды. Аудан көшелерінде қар тазаланып, жол жабындарына инертті заттар себілді.
Жұмыстарға «Таза Өлке» ЖШС тарапынан 25 техника, Әл-Фараби КММ тарапынан 30 техника және түнгі ауысымда 100-ге жуық адам жұмылдырылды. Негізгі бағыттарға, қоғамдық көлік жүретін жолдар мен жаяу жүргіншілер өткелдеріне басымдық берілді.