
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ТІЗБЕСІ ЖАҢАРТЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 362-нқ бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 117-бабының 1-тармағында көзделген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі қайта бекітілді. Аталған өзгерістерге сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының саны 19-дан 31-ге дейін ұлғайтылғанын хабарлаймыз.