
ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА «АЛТЫН» ЖӘНЕ «КҮМІС АЛҚА» ТАБЫСТАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 12 желтоқсандағы №1119 Жарлығына сәйкес, Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Марат Абдумажидұлы көпбалалы аналарды қабылдап, 11 анаға «Алтын алқа», 27 анаға «Күміс алқа» төсбелгілерін салтанатты түрде табыс етті.
Іс-шара барысында аналардың ерен еңбегі мен ел демографиясына қосқан үлестері үшін құрмет көрсетілді. Қазіргі таңда Әл-Фараби ауданында 486 ана «Алтын алқа», 1 827 ана «Күміс алқа» иегері болып отыр.
Ұрпақ тәрбиелеп, қоғам дамуына үлес қосып жүрген аналардың еңбегі әрдайым жоғары бағаланады. Барша аналарға және олардың отбасыларына зор денсаулық, бақ-береке және амандық тілейміз.