
ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ҚАЛДЫҚТАРДЫ ШЫҒАРУ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛУДЕ
Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және полиция басқармаларының қызметкерлері бірлесіп, аудан аумағында орналасқан заңды тұлғаларға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Іс-шараның мақсаты – кәсіпкерлік нысандарының тұрмыстық қатты қалдықтарды шығарумен айналысатын арнайы ұйымдармен міндетті түрде шарт жасасуы, сондай-ақ көрсетілген қызмет үшін төлемді бекітілген тарифке сәйкес жүзеге асыруы. Сонымен қатар, санитарлық тазалық нормаларын сақтау және құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылуда.