ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!
«ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУҒА ШЫҚАРАМЫЗ
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында кезекті рет «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске қосылды.
Жобаның мақсаты Әл-Фараби ауданының аумағында:
- аумақты көгалдандыру;
- тротуарларды жайластыру;
- тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
- ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар,
- скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары, көшелер және өзге де объектілер);
- бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;
- қоқыс тастайтын жерлерді жою;
- ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың
- ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар
- орнату және жөндеу;
- аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу
- алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру;
- санитарияны қамтамасыз ету.
-«Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша тұрғындардан өтінімдер ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан бастап 1 наурызға дейін қабылданады;
- Кез-келген аудан тұрғыны аудан аумағын абаттандыру, дамыту және жақсарту бойынша өз идеясын ұсына алады;
- Егер Сіздің жобалық ұсынысыңызды дауыс беру процесінде басқа тұрғындар қолдаса, ол жоба қалалық бюджет есебінен жүзеге асыруға ұсынылады;
- Сіздердің ұсыныстарыңызды 2026 жылдың 1 наурызына дейін күтеміз!
- Әл-Фараби ауданы бойынша «Халық қатысатын бюджет» жобасының жұмысшы органы Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты;
- Қосымша сұрақтар бойынша байланыс телефон: 8(7252) 53-01-31;
- Жобалық ұсыныстар бойынша өтінімдер Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында қабылданады;