АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ҚАБЫЛДАУЫНДА ҚАРАЛДЫ

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ҚАБЫЛДАУЫНДА ҚАРАЛДЫ

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ҚАБЫЛДАУЫНДА ҚАРАЛДЫ
Шымкент қаласы әкімдігінде ұйымдастырылған қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың жеке қабылдауында қала тұрғындарының өзекті мәселелері тыңдалды. Қабылдауға келген азаматтар әлеуметтік және тұрмыстық сипаттағы түрлі мәселелер бойынша өтініштерін білдірді.
Аталған қабылдау шеңберінде Әл-Фараби ауданының тұрғындарын қабылдап, көтерілген мәселелері жеке-жеке қаралды. Тұрғындар тарапынан әлеуметтік қолдау, тұрғын үймен қамтамасыз ету, кәсіпкерлік қызметке қатысты және басқа да маңызды сұрақтар қозғалды.
Қабылдау нәтижесінде барлық өтініштер тиісті сала мамандарына жолданып, оларды шешу бойынша нақты тапсырмалар берілді.