СӘУЛЕ ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТАЗА ОРТА ҮШІН СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

СӘУЛЕ ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТАЗА ОРТА ҮШІН СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

СӘУЛЕ ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТАЗА ОРТА ҮШІН СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы мен Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Сәуле шағынауданы аумағында сенбілік өткізілді.
Іс-шараға «AMANAT» партиясының мүшелері, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері және «Әл-Фараби» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілдері қатысып, аумақты тазалау жұмыстарын жүргізді. Сенбілікке 50-ден астам адам мен 5 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде шамамен 40 тонна қоқыс жиналып, шығарылды.
Таза қоршаған орта – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Барша тұрғындарды тазалықты сақтауға, туған қаламыздың көркеюіне бірге атсалысуға шақырамыз.