Әл-Фараби ауданында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында істен шыққан жарықшамдарды зерделеу және ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Басты көшелердегі жарықшамдарды жөндеу жұмыстарын «ABM Group» ЖШС, ал көппәтерлі тұрғын үй аулаларында «Әл-Фараби» КММ жүзеге асыруда.
Жарықшамдардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.