Бүгін Шымкент қаласы көлік және жол басқармасының қызметкерлері мен Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері арнайы марапатталды. Жол инфрақұрылымын жақсарту, тұрғындардың өтініштерін уақытылы орындау және қызмет көрсету сапасын арттыруға қосқан үлестері үшін әрбір қызметкерге алғыс білдіріліп, кәсіби шеберлігі жоғары бағаланды.
Марапаттау рәсімін аудан әкімі Маратбек Сәменбекұлы жүргізіп, қызметкерлерді құттықтап, алдағы уақытта да табысты еңбек етуге тілектестік білдірді.