Бүгін Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының бастамасымен «Мирас» университетінде «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акциясы аясында студенттермен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға «Қазақстан әйелдерінің Республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің филиалы, Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Б.Жандосова, Әл-Фараби аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Ы. Алтанова, Мәдени даму, спорт және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Е. Әбіл, Шымкент ҚПД, Әл-Фараби АПБ-ның ҚҚБ ОТЗЗҚКБ инспекторы, полиция капитаны Ә.Анарбаева, Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психолог маманы Ә.Жұрын баяндама оқып, студенттердің сұрақтарына жауап берді. .
Кездесу барысында зорлық-зомбылықтың алдын алу, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг пен кибербуллингтің салдары, ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік мәселелері бойынша кең көлемде ақпараттық-насихат жұмыстары жүргізілді.
Спикерлер студенттерді қабылданған профилактикалық шаралармен жан-жақты таныстырып, олардың қауіпсіздігі мен құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған ұсыныстарымен бөлісті.