Бүгін жауапты мамандармен бірге ауданның инфрақұрылымын бақылап, тұрғындармен кездестік. Қосымша жарықшам, пандус, балалар ойын алаңдары және басқа да мәселелер бойынша ұсыныстар тыңдалып, шешу жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, «Күншығыс» шағынауданындағы ирригациялық жүйенің құрылысы тексеріліп, жұмыстың сапасы мен талапқа сай орындалуы міндеттелді. Аралау барысында ауданның санитарлық жағдайы қадағаланып, тазалықты арттыру бойынша тапсырмалар жүктелді.
Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.