Әл-Фараби ауданының ювеналды полициясы, Жастар ресурстық орталығы және аудан әкімдігі бірлесіп түнгі профилактикалық рейд жүргізді.
Сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз сыртта жүрген кәмелетке толмағандарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті хаттамалар толтырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің қауіпсіздігін сақтау және құқықтық тәртіпті нығайту.