
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 14 қазанындағы №1044 Жарлығына сәйкес Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Марат Әбдимажидұлы көпбалалы аналарды құттықтап, оларға «Күміс алқа» және «Алтын алқа» төсбелгілерін салтанатты түрде табыс етті.
Бұл күні барлығы 5 ана мемлекеттік марапатқа ие болды. Оның ішінде 1 ана – «Алтын алқа», ал 4 ана – «Күміс алқа» иегері атанды.
Қазіргі таңда Әл-Фараби ауданында 6740 көпбалалы ана тұрады. Оның ішінде 464-і «Алтын алқа», ал 1718-і «Күміс алқа» төсбелгісінің иегері болып табылады.
Ұрпақ тәрбиелеп, елдің демографиялық өсіміне зор үлес қосып жүрген аналарымыздың еңбегі әрқашан құрметке лайық. Барша аналарымызға мықты денсаулық, отбасыларына шаттық пен береке тілейміз.