ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА СТУДЕНТТЕРМЕН «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ҚАЗАҚСТАН!» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА СТУДЕНТТЕРМЕН «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ҚАЗАҚСТАН!» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Бүгін Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Ө.Жәнібеков» атындағы Оңтүстік Қазақстан  педагогикалық университеті студенттерімен «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан!» Республикалық акциясы аясында кездесу өтті.

Кездесуге аудан әкімі аппаратының әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімінің басшысы Б.Салиев, «Қазақстан әйелдерінің Республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің филиалы, Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Б.Жандосова, Шымкент ҚПД,Әл-Фараби АПБ, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция лейтенанты Н. Төлеген, Шымкент қаласының Ішкі саясат жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Психологиялық көмек, күйзелістің алдын алу және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің маманы Қоңрат Үміт  Қайсарқызы, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің акпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Әбдікәрім Нұржан Кеңесұлы, Шымкент қаласының Дін істері басқармасы Дін зерттеу ортылығының теолог маманы Амангелді Нұрдәулет  қатысты.

Кездесуде отбасында және қоғамда зорлық-зомбылықтың алдын алу, жат ағымдар, этнос аралық келісім бойынша баяндама оқылып, студенттер арасында, қоғамда буллингке және кибер буллингке жол бермеу бойынша пікір алмасу өтті.  Студенттер түрлі тақырыптарға қатысты өз ойларын білдірді.