СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА

СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА

Бүгін аудан әкімдігі аппаратының ұйымдастыруымен және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Сайрам шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында кезекті сенбілік өткізілді.

Шараға аудан әкімдігі қызметкерлері мен «Әл-Фараби» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары қатысып, аумақты абаттандыру бағытында сырлау, әктеу, дәнекерлеу және жалпы санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді.

Сенбілікке 100-ден астам адам мен 15 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде шамамен 4 тонна қоқыс жиналып, тиісті орындарға шығарылды.