ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «АУЛА ЧЕМПИОНАТЫ» ӨТУДЕ

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «АУЛА ЧЕМПИОНАТЫ» ӨТУДЕ

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен бұқаралық спортты насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және балалардың жазғы демалысын мазмұнды әрі тиімді өткізу мақсатында «Аула чемпионаты» атты спорттық іс-шара өтуде.

Спорттық жарыстар көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларындағы спорт алаңдарында ұйымдастырылуда. Шара барысында балалар арасында түрлі спорттық белсенділіктер өткізілді. Атап айтқанда: секіртпемен секіру, асық ату, кіші футбол, баскетбол және басқа да ойын түрлері ұйымдастырылды. Бұл сайыстар жасөспірімдердің дене шынықтыру дайындығын арттыруға және қозғалыс координациясын дамытуға бағытталған.

Іс-шараға белсене қатысқан балалар марапатталып, ынталандыру сыйлықтарына ие болуда.