КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА АРНАЛҒАН ТҮНГІ РЕЙД ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА АРНАЛҒАН ТҮНГІ РЕЙД ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты, аудандық полиция басқармасының қызметкерлері бірлесіп, кәмелетке толмағандардың заңды өкілінсіз түнгі уақытта (сағат 22:00-ден кейін) ойын-сауық мекемелерінде және қоғамдық орындарда жүруін анықтау мақсатында кезекті рейд өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу, заң талаптарын түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Рейд барысында түнгі мезгілде аудан аумағында жүрген бірнеше жасөспірім анықталып, заңды өкілдерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ата-аналарға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қабылданды.

Алдын алу бағытындағы мұндай жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.