ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

Сіздерді 25 қазан – Республика күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – халқымыздың тәуелсіздік пен азаттық жолындағы ерік-жігерін, бірлігі мен тұтастығын айшықтайтын тарихи күн. Республика күні – еліміздің жаңа даму кезеңіне қадам басқанын білдіретін, әрбір қазақстандықтың жүрегінде отансүйгіштік пен елге деген мақтаныш сезімін ұялататын ұлық мереке.

Бүгінгі бейбіт өміріміз, ел ішіндегі тұрақтылық пен татулық – баршамыздың ортақ еңбегіміздің нәтижесі. Біз бірлігімізді сақтап, еліміздің дамуы мен гүлденуіне үлес қоса беруіміз қажет.

Тәуелсіз Қазақстанымыздың келешегі кемел, болашағы жарқын болсын! Әр отбасына амандық, ырыс пен береке тілеймін!

Құрметпен,

МАРАТБЕК СӘМЕНБЕКҰЛЫ