Бүгін Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – еліміздің егемендігін айқындайтын, мемлекетіміздің тұғырлы тәуелсіздігін, бірлігі мен тұтастығын дәріптейтін мерекенің мәні мен маңызын кеңінен насихаттау болды.
Аудан әкімі Маратбек Сәменбекұлы жиынға келген қонақтарды атаулы Ұлттық мерекемен құттықтап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан және түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтарға «Алғыс хаттар» табыстады.
Салтанатты кездесу мәдениет мекемелері өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!
Баршаңызды Ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!