Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Күншығыс шағынауданында сенбілік ұйымдастырды. Іс-шараға Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, Әл-Фараби коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары мен аудан тұрғындары бірлесе қатысып, туған өлкеміздің тазалығы үшін үлес қосты.
Сенбілік барысында ағаштар мен легустраларға санитарлық қырқу жұмыстары жүргізіліп, аула жолдары, аяқжолдар мен ирригациялық арықтар қоқыстан тазартылды.
Тазалық – мәдениеттің айнасы, ал туған жерді күту – әр азаматтың борышы! Баршаңызды өз ауламыздың, көшеміздің, ауданымыздың тазалығына бейжай қарамауға шақырамыз.