Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Түркістан көшесі бойында кең көлемді сенбілік ұйымдастырды.
Іс-шарада Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты мен Әл-Фараби КММ, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлер және аудан тұрғындары белсенді атсалысты.
Сенбілік барысында ағаштар мен легустраларға санитарлық қырқу жұмыстары жүргізіліп, көшелер, аяқжолдар, ирригациялық арықтар мен аулалар қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар, аулаларда абаттандыру шаралары, сырлау, бояу жұмыстары жүргізілді.
Сенбілікке қатысып, өз үлесін қосқан тұрғындарға, кәсіпкерлер мен зейнеткерлерге аудан әкімдігі тарапынан "Алғыс хаттар" табысталды.
Мұндай іс-шаралар аудан аумағының тазалығын қамтамасыз етіп қана қоймай, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға ықпал етеді.