Әл-Фараби ауданында сенбілік жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Бүгін аудан әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 16-шағынаудандағы №3 және №4 көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында кезекті сенбілік өтті.
Шараға аудан әкімдігі қызметкерлері мен «Әл-Фараби» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары атсалысып, аулаларды тазалау жұмыстарын жүргізді. Сенбілікке 50-ден астам адам мен 4 арнайы техника тартылып, нәтижесінде шамамен 30 тонна қоқыс жиналып, шығарылды.