Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты, Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы және «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері бірлесе кәмелетке толмаған азаматтардың заңды өкілінсіз түнгі сағат 23:00-ден кейін ойын-сауық орталықтарында жүруін анықтау бойынша рейдтік іс-шарасын өткізді.
Шара мақсаты, жасөспірімдер арасындағы қылмысты алдын алу, ескерту, құқықбұзушылықты болдырмау, сонымен қатар құқықтарын қорғау және құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.
Іс-шара барысында түнгі уақытта аудан аумағында орналасқан кәмелетке толмаған жасөспірімдер анықталып, заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық хаттамалары толтырылды.