АУДАН АУМАҒЫН КЕЗЕКТІ АРАЛАУ

АУДАН АУМАҒЫН КЕЗЕКТІ АРАЛАУ

Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Ержан Ерланұлы жауапты сала мамандарымен бірге аудан аумағын аралады.

Аралау барысында тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру, көгалдандыру, абаттандыру және тазалық жұмыстарын жетілдіру бағытындағы бірқатар нысандар қаралды. Әрбір нысандағы өзекті мәселелер талқыланып, анықталған кемшіліктер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, аудан аумағындағы санитарлық жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, тазалық мәдениетін арттыру және тиісті жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу қажеттігі атап өтілді.