ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ЖАҢА СУБҰРҚАҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ЖАҢА СУБҰРҚАҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Әл-Фараби ауданы аумағындағы 23 орында жалпы саны 40 субұрқақ орналасқан. Оның ішінде 4 субұрқақ жекеменшік нысандарға тиесілі.

Ағымдағы жылы демеушілердің қолдауымен 5 жаңа субұрқақ салынып, тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілді.

Солардың бірі "Орталық саябақта" орнатылған заманауи субұрқақ. Түнгі уақытта түрлі-түсті шамдармен безендірілген су шоғыры ерекше көрініс беріп, қала көркін айшықтай түсуде. Заманауи субұрқақ тұрғындар мен қала қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналып, ауданның сәулеттік келбетін жаңа деңгейге көтерді.