ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен өткен көшпелі кездесуі мен аудан аумағын аралау барысында көтерілген мәселелер бойынша аудан әкімі Маратбек Сәменбекұлы арнайы шығып, жағдайды өз көзімен көрді.

Тұрғындардың өтініштерін жан-жақты зерделеу мақсатында бірқатар нысандарда болып, ойын алаңшаларының, жолдардың және өзге де өзекті мәселелердің жай-күйін қарады.

Барлық көтерілген ұсыныстар бақылауға алынды. Шешу жолдары заң аясында кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.