ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ҚАБЫЛДАУЫНДА АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ҚАБЫЛДАУЫНДА АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, Шымкент қаласы әкімдігінде қала әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындарды жеке қабылдап, 250-ден астам азаматтың өтініші қаралды.

 

Әл-Фараби ауданынан келген 20-ға жуық тұрғынды аудан әкімі Маратбек Сәменбекұлы жеке қабылдап, олардың жер мәселесі, дүңгіршекті заңдастыру, балалар ойын алаңшасын орнату, су жүйесін жөндеу және көше атауын беру сынды өтініштерін тыңдады.

 

Әрбір мәселе бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынатыны айтылды. Ал кейбір өтініштер бойынша заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

Мұндай қабылдаулар тұрғындардың өзекті мәселелерін дер кезінде анықтап, тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.