Әл-Фараби ауданы аумағындағы «Спутник» гүлзарында жаңа заманауи тік субұрқақтың салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысып, мердігер ұйым өкілдерімен және қала тұрғындарымен бірге қуанышты сәтті бөлісті.
Аталған субұрқақ – 2023 жылдың соңында тұрғындардың ұсынысымен басталған қоғамдық кеңістікті жаңғырту жұмыстарының жалғасы. Жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылып, кәсіпкерлердің қолдауымен бой көтерді.
Жаңа субұрқақ қаланың көркін арттырып қана қоймай, тұрғындардың жайлы демалып, серуендеуіне мүмкіндік беретін тартымды орынға айналып отыр. Қазіргі таңда «Спутник» гүлзары — қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарының біріне айналды.