ҚАЛА ӘКІМІ Ғ.СЫЗДЫҚБЕКОВТЫҢ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

ҚАЛА ӘКІМІ Ғ.СЫЗДЫҚБЕКОВТЫҢ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Қүншығыс, Сәуле шағын аудандары, Тәшенов көшесі, Республика даңғылы және «Тәуелсіздік» саябағы бойындағы үйлердің тұрғындарымен кездесті. Жергілікті халық жайлы ортаны қалыптастыру, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты мәселелермен бөлісті. Бейнебақылау камераларын орнату, тұрғын үй қорын жаңғырту шеңберінде көппәтерлі үйлерді жөндеу, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандардың жұмысын ұйымдастыру, аулаларды абаттандыру, жасыл желектерді суаруға қатысты сұрақтарына жауап алды.

Кездесу барысында қала әкімі жол сапасын жақсарту, қоғамдық көліктердің жүктемесін азайту, Көксай шағынауданының жаңғырту тұжырымдамасын іске асыру және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған инвестициялық жобаларға тоқталды.

Сонымен қатар, суару желілерінің, жер асты өткелдерінің қазіргі жағдайы, қоғамдық көлік қозғалысының кестесіне және тұрғын үй мүлікін басқару нысандарының жұмыстары талқыланды. Мегаполис басшысы әріптестерімен бірге азаматтардың барлық өтініштерін қарастырып, шешу тетіктерін түсіндірді.

Қосымша ресурсты қажет ететін мәселелер кезең-кезеңімен заң шеңберінде қаралатын болады. Кездесу қорытындысы бойынша Әл-Фараби ауданы әкімі Маратбек Сәменбекұлына қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды күшейту және тұрғындармен ашық, тығыз байланыс орнату тапсырылды.