МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ТІЛДІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ІС-ШАРАЛАРЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ТІЛДІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ІС-ШАРАЛАРЫ

Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында ішкі «Speaking club» және біліктілікті арттыру семинарларын тұрақты түрде ұйымдастырып келеді.

Іс-шараларда қатысушылардың қазақ және орыс тілдерінде сөйлеу мәдениетін жетілдіру, ресми құжаттармен жұмыс жасау барысында тілдік сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударылады. Сонымен қатар еркін пікір алмасу арқылы сөздік қорды байытып, ауызекі сөйлеу машықтарын дамытуға мүмкіндік беріледі.

Бұл бастамалардың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әлеуетін көтеру, тілдік құзыреттілігін жетілдіру және халықпен тиімді қарым-қатынас орнатуына жағдай жасау болып табылады.