Мемлекеттік қызмет – ел мүддесі жолындағы адал еңбек пен жоғары жауапкершілікті талап ететін сала. Мемлекеттік қызметшінің әрбір жұмыс күні тұрғындар игілігі үшін атқарылатын жұмыстарға толы. Ол – тек кеңседегі құжаттармен шектелмейді. Көп жағдайда мамандар тікелей ел арасында жүріп, туындаған мәселелерді көзбен көріп, жедел шешім қабылдауға мәжбүр болады.
Инфрақұрылымды дамыту, коммуналдық шаруашылықты үйлестіру, абаттандыру, санитарлық тазалық, тұрғын үйлердің жағдайы, әлеуметтік нысандардың жай-күйі – бұлардың барлығы күнделікті бақылауды қажет ететін маңызды бағыттар. Бұл ретте аудандағы әр сала жұмысы жүйелі түрде қадағаланып, нақты нәтижеге бағытталады.
Мемлекеттік қызметкердің жұмысы уақытпен санаспай еңбек етуді, халықпен тығыз байланыс орнатып, сенімге лайық болуды қажет етеді. Себебі басты міндет – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, олардың жайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруін қамтамасыз ету.