Бүгін экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР білім беру ісінің үздігі, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері, ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері, Қазығұрт ауданының құрметті азаматы - Садықов Әріпхан Салыбайұлы 70 жасқа толып отыр.
Осыған орай қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің арнайы құттықтауын Әл-Фараби ауданының әкімі Маратбек Сәменбекұлы табыстап, Әріпхан Салыбайұлын мерейлі жасымен құттықтап, иығына шапан жапты.
Садықов Әріпхан Салыбайұлы 1955 жылы Қазығұрт ауданының Ақжар ауылында дүниеге келген. Ол өзінің бүкіл саналы ғұмырын ғылым мен білім саласына арнап, талай шәкірт тәрбиелеп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан.