Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шараға аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері, «Әл-Фараби» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және "Таза Өлке" ЖШС-нің мамандары белсене атсалысып, аумақты тазалау жұмыстарын жүргізді.
Атқарылған жұмыстардың ішінде қураған ағаштар мен бұтақтарды кесу, шөп шабу, жолдар мен аяқжолдарды жуу, қоқыс алаңшаларын тазалау, аулаларды абаттандыру, бояу, элементтерді ретке келтіру және жалпы тазалық жұмыстары қамтылды.
Сенбілікке 200-ден астам адам мен 16 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде шамамен 27 тонна қоқыс шығарылды.