ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

Бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, бүгін Әл-Фараби ауданының әкімі Маратбек Сәменбекұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында аудан тұрғындары көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру, ішкі аулалық жолдарды жөндеу, жарықтандыру, жұмыспен қамту, және өзге де өзекті мәселелер бойынша өтініштерін білдірді.

Әрбір азаматтың өтініші мұқият қаралып, көтерілген мәселелерді шешу мақсатында жауапты сала басшылары мен мамандарына нақты тапсырмалар жүктелді. Қабылдауға қатысқан тұрғындардың бірқатар өтініштері сол жерде оң шешімін тапты, ал кейбір мәселелер бойынша тиісті зерделеу жұмыстары жүргізіліп, заң талаптарына сәйкес кезең-кезеңімен орындалатын болады.

Аудан әкімдігі тарапынан тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау, оларды ашық диалог форматында қабылдау — басты назарда. Мұндай жеке қабылдаулар халықпен тиімді кері байланыс орнатуға, өзекті мәселелерді жедел анықтап, дер кезінде шешуге мүмкіндік береді.

Аудан әкімінің және оның орынбасарларының жеке қабылдауына жазылу үшін жеке куәлігіңізбен Әл-Фараби ауданы әкімдігінің ғимаратына келіп, алдын ала тіркелуіңіз қажет.

Мекенжайымыз: Ж.Тыныбаев көшесі, №49