ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА КЕҢ КӨЛЕМДІ СЕНБІЛІК ӨТТІ

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА КЕҢ КӨЛЕМДІ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Әл-Фараби ауданында кең көлемді сенбілік өткізілді. Шараға аудан әкімдігі аппаратының, Әл-Фараби ауданы прокуратурасының қызметкерлері, Әл-Фараби КММ мамандары, Шымкент гарнизоны әскери қалашығының сарбаздары және жергілікті тұрғындар белсене қатысты.

Сенбілік барысында қураған ағаштар реттеліп, арамшөптер шабылды. Көшелер мен жаяу жүргіншілер жолдары жуылып, санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 200-ден астам адам мен 15 арнайы техника жұмылдырылып, 10 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Бұл шара ауданымыздың тазалығын сақтауға, көркін арттыруға ықпал етіп қана қоймай, тұрғындардың ынтымағын күшейтті. Алдағы уақытта да осындай игі бастамаларға бірлесе қатысып, сүйікті қаламыздың дамуына үлес қосуға үндейді.