АУДАН ӘКІМІ ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ САПАСЫНА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗДІ

АУДАН ӘКІМІ ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ САПАСЫНА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗДІ

Аудан әкімі Маратбек Сәменбекұлы Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан аудан аумағында жүргізіліп жатқан жолдардың асфальт қабатын жаңарту жұмыстарымен танысты.

Танысу барысында аудан басшысы жауапты мамандарға жұмыстарды уақытылы әрі сапалы орындап, асфальт қабатының стандарт пен нормаға толық сай болуын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Сонымен қатар, жөндеу жұмыстары аяқталған соң құрылыс материалдары мен қоқыс қалдықтарын қалдырмай, аумақты таза әрі тиянақты күйде өткізу қажеттігін ескертті.

Аудан аумағындағы жолдарды жаңарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Бұл тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы жүріп-тұруына мүмкіндік береді.